43
Жылдам орнату жəне Бастау нұсқаулығы
Қауіпсіздік туралы МАҢЫЗДЫ ақпарат
Жұқа клиентті басқару шешімдері
HP сіздің сұранысыңызға жауап беретін басқару шешімдерінің толық жинағын
ұсынады. Ол сіздің ортаңызға жарамды шешімдер таңдау мүмкіндігін ұсынады.
HP ThinState Capture құралы USB драйвының пернесін қолдану арқылы бағдарлама
бейнесін бір жұқа клиенттен екінші жұқа клиентке клондауға немесе пайдалануға
мүмкіндік береді.
HP Easy аспаптары бейнелер мен қосымша бағдарламаларды орнату жəне жаңарту;
конфигурацияларды орнату, сақтау жəне қайта қолдану;
жұқа клиент бейнелерін сақтау
жəне пайдалану мүмкіндіктерін ұсынады.
HP Device Manager - тұтынушыларға жұқа клиент ерекшеліктерін кəсіпкерлік
талаптарына сай қашықтан басқару мүмкіндігін ұсынатын жоғары сапалы жұқа
клиент басқару бағдарламасы. Берік, орнатуы мен қолданысы жеңіл. HP Device
Manager сізге бір орталықтан мыңдаған жеке құралдарды бақылауға, орнатуға,
жаңартуға, клондауға жəне басқаруға мүмкіндік береді. HP Device Manager агенттері
көптеген HP жұқа клиенттерінде жабдықталған.
Å
Қатты жарақат мүмкіндігін азайту үшін, Қауіпсіздік & Көмек нұсқаулығын
оқыңыз. Онда компьютер қолданушылар үшін жұмыс станциясын дұрыс
қосу, дұрыс орналастыру жайлы ақпарат, денсаулық жəне жұмыс
əдеттерінің сипаттамалары мен электр жəне механикалық қауіпсіздік
туралы маңызды ақпараттар бар. Бұл нұсқаулық вебте www.hp.com/ergo
сайтында орналасқан жəне Жұқа клиент құжаттамасы атты осы
өніммен бірге жабдықталған CD-ден табылады
.
Тоқ соғу жəне құрылғыға зиян келтіру қаупін азайту үшін:
■ Қуат сымын жерге тұйықтау айырынан ажыратпаңыз. Жерге
тұйықтауға арналған қуат айыры - маңызды қауіпсіздік шарасы.
■ Қуат сымын кез-келген уақытта оңай қол жететін жерге
тұйықталған розеткаға қосыңыз.
■ Қуат сымын розеткадан ажырату арқылы жұқа клиентті
қуаттан айрыңыз.
Толығырақ ақпарат үшін, осы өніммен жабдықталған құжаттаманы
қараңыз.